«Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» шешімнің жобасына баспасөз релизі

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 1-13/306 ұсынысы негізінде әзірленді.

Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылы аумағында карантин белгілеу болып табылады.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2020 жылғы «25» қыркүйектегі «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Основной документ
Дата публикации
25 сентября 2020