«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, азаматтык қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.08.2024 - 07.08.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
11.08.2024
Сұхбат: 14.08.2024- 16.08.2024
Анықтама телефоны: 87777813650
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің жұмылдыру дайындығы, азаматтык қорғаныс және төтенше
жағдайлар жөніндегі бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен
жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және
жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және
командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады. Әскери
міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды
жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге
көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді. Тиісті
әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер
кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери
бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру
және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
бойынша олардың басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді. Тиісті әкімшілікаумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді,
жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Тиісті әкімшілікаумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен
жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды
өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар
(келісімшарттар) жасасады. Облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың әкімдіктеріне жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру
жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды
жүргізеді. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан
Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ведомстволық бағыныстағы аумақта
орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауын
ұйымдастырады. Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштерi мен
құралдарын әзiрлеудi және дайындық жағдайында ұстауды, олардың адам
құрамымен жасақталуын, қажеттi техникамен, арнаулы жабдықпен, суда
құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстар жүргiзуге арналған
құралдармен жарақтандырылуын қамтамасыз етедi. Кезек күттірмейтін
жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың
жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған
жағдайда халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге кепiлдiк
беретiн Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң, материалдық-техникалық, азық-түлiк,
медициналық және өзге де ресурстардың көлемiн айқындайды және олардың
жинақталуы, сақталуы, жаңартылып отыруы және әзiрлiк жағдайында ұсталуы
үшiн жауап бередi. Ведомстволық бағыныстағы аумақта Азаматтық
қорғаныстың жай-күйiне жауап бередi. Жергiлiктi ауқымдағы төтенше
жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды
ұйымдастырады. Төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны,
зiлзала мен апатты тергеуге қатысады. Бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті
бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық, азықтүлiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiліктi қорларын құрады
және пайдаланады. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың
және қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен
мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге
келтiрiлген зиянның өтелуiн, медициналық қызмет көрсетудi, төтенше
жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс iстегенi үшiн өтемақылар мен
жеңiлдiктер алуды өз құзыретi шегiнде қамтамасыз етедi. Төтенше жағдайлар
жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың
шаруашылық қызметiн қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
Құпия іс-қағаздарын жүргізу, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің құпия
құжаттармен жұмыс жасауына рұқсат материалдарын ресімдеу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, қоршаған ортаны
қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері,
құқық, қоғамдық қауіпсіздік, юрист
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік
лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық
және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
31 июля 2024