Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.08.2024 - 07.08.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
11.08.2024
Сұхбат: 14.08.2024- 16.08.2024
Анықтама телефоны: 87777813650
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі' ММнің бас
маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту, этносаралық қатынастарды
дамыту. Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік тілдің деңгейін анықтауда түрлі сайыстар, байқаулар өткізу.
Мемлекеттік мекемелермен тілдерді дамыту облысында қарым-қатынасты
қамтамасыз ету. Ауданның мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілдегі іс
жүргізу жағдайына мониторингті қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Қоғамдық
ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету. Облыстық, аудандық тілдерді
дамыту мен қолдану бағдарламаларының, басқа да заңнамамен қарастырылған
міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
журналистика, қоғамдық байланыс, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді
даярлау, тілдер және әдебиет, тілдерді оқу
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады