Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 6-тармағына сәйкес жергілікті өкілді орган жыл сайын тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін мамандарға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит ұсыну туралы шешім қабылдайды.
- 2020 жылы Железин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
- 2020 жылы Железин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
Шешімнің жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде жарияланды (2020 ж. 08.09. бастап 2020 ж. 22.09. дейін).