Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қыркүйектегі № 1-13/285 ұсынысы негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылы аумағында карантин белгілеу болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2020 жылғы «21» қыркүйектегі «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.