Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (Түсініктеме)

Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2024 ─ 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Михайлов ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 84/8 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2024 жылғы 09 қаңтарда  № 191132 болып тіркелген.  

Михайлов ауылдық округінің құрамына төрт елді мекен кіреді: Михайловка, Красновка, Петропавловка, Мыңкөл.

          Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 88798,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер  -43375,0 га.

          Халық саны - 1827 адам, оның ішінде ерлер - 910 адам, әйелдер - 917 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 335, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 334, оқушылар - 186, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 218, ашық нарықта жұмыссыздар - 0, тіркелген жұмыссыздар - 0 адам.

          Әлеуметтік салада 1 орта білім беру мектебі, 2 негізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді. Барлық мектептер интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Мектептерде шағын орталықтар жұмыс істейді. Михайловка ЖОББМ жанында мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Сонымен қатар: 1 дәрігерлік амбулатория, 1 дәріхана, 3 медициналық пункт, 5 төсектік ДА-да күндізгі стационар, Михайловка ауылындағы ауылдық Мәдениет үйі, 2 кітапхана, Коворкинг орталық, әмбебап спорт алаңы (біреуінде 3) жұмыс істейді, Михайловка а. хоккей корты, Мыңкөл а. футбол алаңы

          Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, 18 дүкен, наубайхана -1, мемлекеттік тұқым сынау станциясы, «Мыңкөл элеваторы» ЖШС, ветеринарлық пункт, метеостанция, АТС, «Мирный» ЖШСУ, Михайлов орманшылығы, өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.  Михайловка ауылында «Тұрсын» заставасы, Мыңкөл ауылында Халықаралық өткізу пункті, Петропавловка ауылында «Петропавловка –Березовка» ЖӨП жұмыс істейді.

          Михайлов ауылдық округі бойынша 54 км жол бар. Оның ішінде - 29 км көше жолдары және 25 км кентаралық және орталық сумен жабдықтау. Көшелер жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылында автобус қатынасы бар.

 

Бюджет көлемі

 1.2. «Михайлов ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»

 

Мың теңге

Атауы

 

 

2024 жыл        бағалау

 

2025 жыл  

болжам

2026 жыл

болжам

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР –барлығы

116215

60111

61363

Меншікті кірістер, оның ішінде:

10452

10559

10963

Салықтық түсімдер

           10243

10400

10804

Салықтық емес түсімдер

209

159

159

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

105763

49552

50400

Субвенция

46621

49552

50400

Трансферттер

59142

0

0

 

Михайлов ауылдық округінің бюджетіне 2024 жылға

салық түсімдерінің құрылымы

 

Михайлов ауылдық округі бюджетінің шығындары

 

Атауы

2024 жыл        бағалау

 

2025 жыл  

болжам

2026 жыл

болжам

ШЫҒЫНДАР-барлығы,

122818

60111

61363

оның ішінде:

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер

44977

47303

48042

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

25722

8985

9344

Көлік және коммуникация

52034

3728

3877

Денсаулық сақтау

22

25

26

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

61

71

74

Басқалар

2

 

 

 

Михайлов ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары

 

Михайловка ауылдық округінің бюджет шығындарының 36,6%-ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына шығындар құрайды

                                     

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары     жалпы сипаттағы қызметтер

Мың теңге

 

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы

44977

47302

48042

 Оның ішінде

 

 

 

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

44977

47302

48042

Қорғаныс

-

-

-

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге                         44977 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.

 

Михайлов  ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,05%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды

 

                                    Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

Мың.теңге

 

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы

22

25

26

 Оның ішінде

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

22

25

26

 

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2024 жылға 22 мың теңге сомасында шығыстар көзделген

 

Михайлов  ауылдық округінің бюджет шығыстарының 0,1% -ын мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына шығындар құрайды

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

Мың.теңге

 

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке арналған бюджет шығыстары, барлығы

61

71

74

 Оның ішінде

 

 

 

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу

61

71

74

 

2024 жылға жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуге 61 мың теңге сомасында шығындар көзделген.

 

Михайлов ауылдық округінің бюджет шығындарының 20,9 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

Мың.теңге

 

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы

25722

8985

9344

 Оның ішінде

 

 

 

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың , кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру

0

0

0

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

14244

6964

7243

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

1252

1315

1367

Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу

4020

23

24

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

6206

683

710

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

0

0

0

         

2024 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

          -Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 14244 мың теңге сомасында қарастырылған.

          - Михайловка ауылында және оның шағын ауылдарында қоқыс тастайтын жерлерді күтіп-ұстауға және қоқыстарды шығаруға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 1252 мың теңге

          - Жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу -4020 мың теңге.

- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру -6206 мың теңге сомасында қарастырылған.

 

          Михайлов ауылдық округінің бюджет шығындарының 42,2 %-ын көлік және коммуникация шығындары  құрайды

 

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары

Мың.теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы

52034

3728

3877

 Оның ішінде

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

52034

3728

3877

                               

Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 52034 мың теңге қаражат қарастырылған.

Дата публикации
04 июля 2024