Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.06.2024 - 02.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 03.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
06.07.2024
Сұхбат: 11.07.2024- 15.07.2024
Анықтама телефоны: 87183140304
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, аудан аумағын
дамыту бағдарламасын құру және есептілік мониторингі бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін
жақсарту бойынша шараларды әзірлеу. . Бөлім мамандарының іскерлік
біліктілігін және құқықтық, экономикалық білімдерінің деңгейін арттыру
бойынша жұмысты жоспарлайды, экономика мәселелері бойынша заңнаманы
өзгерту бойынша семинарлар өткізеді.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
менеджмент, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика,
қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды
басқару, 051801 2 - Бухгалтер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады