«Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 294 бұйрығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. «Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

      Аудан әкімі

А. Шайхимов

Дата публикации
17 июня 2024