Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 270/9 «Железин ауданы мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қазандағы «Железин ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» № 270/9 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде актінің нөмірі № 172760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

осы қаулының 11-қосымшасы алып тасталсын.

  1. «Майлы» ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы  Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін;

осы қаулы Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     Аудан әкімі

А. Шайхимов

Дата публикации
17 июня 2024