Железин ауданы бойынша салық салу нысанының орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

  1. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданы бойынша салық салу нысанының орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасырына жүктелсін.
    3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

     

    Аудан әкімі

     

    К. Кашкиров

Дата публикации
15 сентября 2020