Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданы бойынша салық салу нысанының орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасына пресс-релиз

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес.

Жобаның мақсаты 2021 жылға Железин ауданы бойынша салық салу нысанының орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту болып табылады.

Қаулының қабылдануы экономикалық немесе басқа салаларға әкеп соқпайды.

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 16.09.2020 жылы орналастырылды.

Прес-релиз рус
Дата публикации
15 сентября 2020