Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 – тармағына сәйкес өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 19 мамырында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің ТЖ режіміндегі коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халыққа төлемдерді өтеу үшін 43,4 млн. теңге сомасына, ағымдағы жылдың 25 маусымында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, аудан мектептерінің жылы дәретханаларын ағымдағы жөндеу және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға төлеу үшін 80,1 млн. теңге сомасына, ағымдағы жылдың 26 тамызында жоғары тұрған бюджеттен аудан мектептеріне компьютерлік техника сатып алуға, Церковное ауылында су құбыры құрылысына, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген 322,6 млн. теңге трансферттің ұлғаюына байланысты, ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте жұмыспен қамту саласында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің 33 миллион теңге сомасына азаюына байланысты жүргізілген бюджеттің түзетулері ескерілді.
Бюджеттің кіріс бөлігінде 40 млн. теңге сомасына табыстарды көбейту жүргізілді, соның ішінде салықтық түсімдер 40,5 млн. теңге сомасына көбейді, салықтық емес түсімдер 0,6 млн. теңгеге азайды, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,1 млн. теңгеге көбейді.
Сондай-ақ аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 10 098 млн.теңгені құрайды.
Бөлім басшысы М.Оспанова