Железин аудандық мәслихатының "ХV (кезектен тыс сессия), VIII сайланған" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 84/8 "Железин ауданының ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімімен 2024 жылға арналған кірістер мен шығыстар бойынша 50004,0 мың теңге сомасындағы бюджет бекітілді. Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет 50209,0 мың теңгені құрайды.
Азаматтық бюджет атқарылу сатысында 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Бюджет кодексінің 67-1-бабы негізінде әзірленді және жарияланады.
Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 12.04.2024 жылғы №89/4 "Железин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 1/1 "Железин аудандық мәслихатының (VIII сайланған XIV (кезекті) сессиясы) 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы" № 82/8 шешімін іске асыру туралы "қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен келесі өзгерістер енгізілді:
1) кірістер-50209 мың теңге, оның ішінде;
салық түсімдері - 5477 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 166 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 44566 мың теңге;
2) шығындар - 50633 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу-нөлге тең;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 424 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 424 мың теңге;
Ауылдық округтің бюджеті 853,0 мың теңгеге ұлғайтылды, оның ішінде:
- 022 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі бағдарламасын қолдау үшін стилусы (қалам) бар мобильді планшетті сатып алуға " 150,0 мың теңге, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-ға ақшалай қаражаттың бос қалдығы қайта бағытталды.
-сатып алуға арналған 008 "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы: 50 дана көлемінде қуаты 50 Вт жарықдиодты шам, 15 дана көлемінде фр 601 фото-релесі, 3 дана көлемінде қуаты-100 Вт көше жарықдиодты шамы 213,0 мың теңге сомасында жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-ға ақшалай қаражаттың бос қалдығы қайта бағытталды.
- 013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы Башмачное, Береговое, Кузьмино ауылдарының жол белгілерін орнатуға-490,0 мың теңге аудандық бюджеттен трансфертпен бөлінді.