2024 жылдың 1-тоқсанында «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 60 қызмет көрсетті. Оның ішінде қағаз нысанда (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) - 0, қағаз нысанда (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін - 4, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 0, электрондық түрде көрсетілген - 0 (көрсетілген электрондық түрде «Е – Лицензиялау» МДҚ арқылы - 0, «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы электрондық түрде көрсетілгені-56). Келесі мемлекеттік қызмет түрлері сұранысқа ие: жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны-0. Есепті кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны-0.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдеріне бақылау жүргізіледі. Железин ауданы әкімінің аппаратына ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.