Веселорощин сайлау округі Веселорощин ауылдық округі
әкімінің сайлауы бойынша
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45, 113-11-баптарына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының 2024 жылғы 21 сәуірде өткізілген Павлодар облысы Железин ауданы Веселорощин ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Павлодар облысы Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің әкімі болып 2024 жылғы 24 сәуірде Аманжол Копеевич Борамбаев тіркелген, 1977 жылы туған, "Веселорощин селолық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Павлодар облысы Железин ауданының Веселая роща ауылында тұрады.
Новомир сайлау округі Новомир ауылдық округі
әкімінің сайлауы бойынша
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45, 113-11-баптарына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының 2024 жылғы 21 сәуірде өткізілген Павлодар облысы Железин ауданы Новомир ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамасының негізінде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Павлодар облысы Железин ауданы Новомир ауылдық округінің әкімі болып 2024 жылғы 24 сәуірде Арман Ерсаинович Атмаев тіркелген, 1993 жылы туған, Павлодар облысының Железин ауданы Мансап орталығының филиалы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы, Павлодар облысы Железин ауданының Железинка ауылында тұрады.
Железин аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы