Железин ауданы Веселорощин және Новомир ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылғы 21 сәуірде Павлодар облысы Железин ауданы Веселорощин және Новомир ауылдық округтері бойынша әкімдердің сайлауы өтті. Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының, Павлодар облысы Железин ауданы Веселорощин және Новомир ауылдық округтері әкімдердің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі.

 

Веселорощин сайлау округі Веселорощин ауылдық округі

әкімінің сайлауы бойынша 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 606 азамат енгізілді, олардың 308-і дауыс берді.

"Барлығына қарсы" жолында белгісі бар бюллетеньдер саны - 12.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Борамбаев А.К. - 290, Жумабаева А.К. - 3,  Нурмаканов С. К. - 2.

Веселорощин ауылдық округінің әкімі болып 1977 жылы туған, Аманжол Копеевич Борамбаев сайланды, "Железин ауданы Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Павлодар облысы Железин ауданының Веселая роща ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

Новомир сайлау округі Новомир ауылдық округі

әкімінің сайлауы бойынша 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 300 азамат енгізілді, олардың 210-ы дауыс берді.

"Барлығына қарсы" жолында белгісі бар бюллетеньдер саны - 13.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Атмаев А.Е. - 155, Баталов Б.Т. - 14,  Султанова Р.У. - 20.

Новомир ауылдық округінің әкімі болып 1993 жылы туған, Арман Ерсаинович Атмаев сайланды, Павлодар облысының Железин ауданы Мансап орталығының филиалы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы, Павлодар облысы Железин ауданының Железинка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

  

Железин аудандық аумақтық

 сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 апреля 2024