Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
Сұхбат:
Анықтама телефоны: 87183121621
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Железин ауданның экономиканың нақты секторы бөлімі' мемлекеттік
мекемесінің және құрылыс, мемлекеттік сатып бойынша бас маманы, E-R-4
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауданда тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен
жабдықтау, энергетикалық кешен саласындағы болжамдарды талдауға және
әзірлеуге қатысады. Құзыреті шегінде мәселелер бойынша жетекшілік ететін
салалар бөлінісінде ауданның кәсіпорындарымен, мекемелерімен өзара іс-
қимылды және жұмыс мониторингін жүзеге асырады. Құзыреті шегінде
мәселелер бойынша аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу және
келісу. Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, тұрғын үй
қорына түгендеу жүргізуді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді,
тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын
пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Ауданда тұрғын үй және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау,
энергетикалық кешенді дамытудың аудандық бағдарламаларын әзірлеуді
жүзеге асырады және олардың іске асырылу барысын бақылайды. Тұрғын үй
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызмет
көрсету . Жетекшілік ететін бағыт бойынша жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерімен жұмыс. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін
дербес жауапты болады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: автоматтандыру және басқару,
құқықтану, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір
тіршілігінің қауіпсіздігі, инженерлік жүйелер мен желілер, көлік, көлік
техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, юрист, -
Жылутехникалық қондырғы және жылуды қамтитын жүйелер (барлық түрлер
бойынша), электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша), стандарттау,
метрология және сертификаттау (салалар бойынша)
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.