Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.04.2024 - 26.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.04.2024- 29.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
02.05.2024- 04.05.2024
Сұхбат: 10.05.2024- 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87183121621
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімініңі, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің
құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік
органның мүдделерін білдіру. Ауданның нормативтік құқықтық актілеріне
мониторинг жүргізу. Мемлекеттік орган басшысының тапсырмасы бойынша
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және мемлекеттік
органның құқықтық мәселелер бойынша құжаттарын дайындау. Мемлекеттік
органның қызметкерлеріне әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша
және ауызша консультация беруді жүзеге асыру, заң құжаттарын жасауға
құқықтық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау
жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік
органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Шарттардың
жекелеген түрлерінің жобаларын әзірлеу, шарттар жобаларының заңнамаға
сәйкестігін тексеру. Нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына
мемлекеттік тіркеуге ұсыну. Талап арыздар мен материалдарды дайындау және
оларды соттарға беру, талап арыздар бойынша талап арыздардың көшірмелерін
мемлекеттік органға зерделеу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
алдын алуға бағыт-талған жұмыстарды жүргізу. Үлгілік базалық бағыт-4 (ҮББ-
4) жобасын іске асыру. Өткізілетін қызметтік тексерулерге қатысу. Әкімшілік
істерді жасау. Ақпараттық есепке алу құжаттарын әкімшілік іс жүргізудің
бірыңғай тізіліміне (ӘІЖБТ) қою.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: халықаралық құқық, құқықтану,
құқық қорғау қызмет, юрист
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік
лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық
және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.