Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.04.2024 - 25.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
01.05.2024
Сұхбат: 06.05.2024- 10.05.2024
Анықтама телефоны: 87183121621
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлеу
және жүзеге асыру. Спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар
өткізу. Аудандық құрама командалардың спорт түрлері бойынша дайындығын
және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Аудан
аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту. Екінші
және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші,
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық
разрядтар мен санаттар беру бойынша ұсыныстар енгізу. Аудандық спорттық-
бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.
Аудан аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. Аудан
аумағындағы спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыруды үйлестіру.
Облыстық атқару органына аудан бойынша дене шынықтыру мен спорттың
дамуы бойынша мәлімет ұсыну. Өңірдің туристік саласын дамыту бойынша
өңірлік тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен іс-шараларды, жоспарларды
әзірлеуді ұйымдастыру. Туристік саланы дамыту жөніндегі республикалық
және өңірлік жоспарларды орындауды жүзеге асыру. Туристік маршруттар мен
соқпақтардың тізілімін жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: дене шынықтыру және спорт,
мемлекеттік және жергілікті басқару, спорт менеджменті, 010301 3 - Дене
тәрбиесі нұсқаушысы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.