Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 84\8 шешімімен бекітілген.
Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.
Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 57334,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27760,0 га. Халық саны – 570 адам, оның ішінде ерлер – 289 адам, әйелдер – 281 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 89, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 102, оқушылар – 100, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 53, ашық нарықта жұмыссыздар – 6, тіркелген жұмыссыздар – 6 адам.
Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтары, 1 дәріхана бар.
Мәдениет үйінде ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 данамен толықтырылады, оның ішінде мемлекеттік тілде 15000 дана, спортпен шұғылдануға арналған фитнес-клуб бар.
Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.
Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.
Алакөл ауылдық округі бойынша 15,84 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және ауылішілік жолдар 8,474 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.
Бюджет көлемі
1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»
мың теңге
|
Атауы
|
2024год
|
2025 год
|
2026 год
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
ТҮСІМДЕР – барлығы: |
105009 |
31897 |
34542 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
4634 |
4911 |
5061 |
|
Салықтық түсімдер |
4539 |
4816 |
4966 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
95 |
95 |
95 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:
|
100375 |
29140 |
29481 |
|
Субвенция |
100095 |
29140 |
29481 |
|
Пайдаланылмаған аударымдарды қайтару |
2 |
0 |
0 |
|
Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды жүргізу |
278 |
0 |
0 |
2024 жылға арналған Алакөл ауылдық округінің бюджетіне
түсетін салық түсімдерінің құрылымы
Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде: |
105011 |
33758 |
34542 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
25261 |
26798 |
27305 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
29147 |
4939 |
5135 |
|
Көлік және коммуникация |
50560 |
1978 |
2057 |
|
Денсаулық сақтау |
41 |
43 |
45 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
2 |
0 |
0 |
|
Пайдаланылмаған аударымдарды қайтару |
0 |
0 |
0 |
2024 жылы Алакөл ауылдық округінің бюджеті
қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары
Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 24,1% -ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына арналған шығыстар құрайды.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге
арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
25261 |
26798 |
27305 |
|
Олардың ішінен: |
|
|
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
25261 |
26798 |
27305 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 25261 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 0,1% -ын денсаулық сақтау саласына арналған шығыстар құрайды.
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
41 |
43 |
45 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
41 |
43 |
45 |
Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2024 жылға 41 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 27,8 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары құрайды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
28707 |
4939 |
5135 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
17680 |
3860 |
4013 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
637 |
669 |
696 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
10390 |
410 |
426 |
|
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру |
0 |
0 |
0 |
2024 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:
- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 17680 мың теңге сомасында көзделген.
- Алакөл ауылында қоқыс шығаруға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 637 мың теңге.
- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру -10390 мың теңге сомасында қарастырылған.
Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 48,1% -ын көлік және коммуникация шығыстары құрайды.
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
44309 |
1978 |
2057 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
1884 |
1978 |
2057 |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу |
42425 |
0 |
0 |
Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1884 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.