«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Железин ауданы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-бабына, Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.

Осы қаулының жобасы нормативтік құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру мақсатында қабылданады.

Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылды (с 08.04.2024 г по 22.04.2024 г).

 

«Железин ауданы жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы                                                                 К.Ибрагимов

Баспасөз-релизі
Дата публикации
15 апреля 2024