Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі «Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 286/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі «Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 286/9 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6076 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкім                А.Шайхимов

Жоба
Дата публикации
15 апреля 2024