Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» 2022 жылғы 12 қазандағы № 270/9 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің нөмірі № 172760) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасы бойынша жаңа редакцияда баяндалсын.
2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауын;
осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шайхимов