«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.04.2024 - 18.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.04.2024- 21.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
24.04.2024- 26.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024- 06.05.2024
Анықтама телефоны: 87183121621
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Железин ауданның экономиканың нақты секторы бөлімі' мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Железин ауданының аумағында жүзеге асырылатын қала құрылысы,
сәулет және құрылыс қызметі саласындағы нормалар мен ережелердің
сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қала құрылысы жобаларын іске асыруға
қатысу, пайдалануға берілетін нысандарды қабылдауға қатысу. Сәулет, қала
құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша аудан әкімдігі қаулыларының,
аудан әкімі шешімдерінің жобаларын әзірлеу және келісу және олардың іске
асырылуын бақылау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің
мониторингін жүргізу. Аудан аумағында құрылыс салу немесе өзге де сәулет
және қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау бойынша жұмысқа
қатысу. Болашақ жылдар көлеміне объектілерді жобалау үшін бастапқы
деректерді және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын дайындау. «Мекенжай
тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу. Архитектура және құрылыс
саласында мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерімен жұмыс жүргізу. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып
алу бойынша конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құрылыс, сурет өнері,
мүсін өнері, дизайн, көлік құрылысы, кадастр, инженерлік жүйелер мен
желілер, геодезия және картография, - Ғимараттар құрылысы және пайдалануы,
- Гидротехникалық құрылыс, стандарттау, метрология және сертификаттау
(салалар бойынша)
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады

Дата публикации
11 апреля 2024