Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.04.2024 - 18.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.04.2024- 21.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
24.04.2024- 26.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024- 06.05.2024
Анықтама телефоны: 87183121621
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Еңбекақы есептеу. Карточкаларды есепке алуды жүргізу. Негізгі
материалдар мен аз бағалы заттарды түгендеу. Құжаттарды компьютерлік
өңдеу. Жеке кіріс салығы және міндетті зейнетақылық жарналарды есептеу
бойынша карточкалар есебін жүргізу. Іссапарлар қаржысы шығындарын және
жол парақтарын жүргізуді есептеу. Статистикалық есептерді, салық
басқармасына декларацияларды әзірлеу және тапсыру. Сенімхат беру. Бағыт
бойынша бағдарламалармен жұмыс. Келісімшарттар мен өзара шарттарға
отыру. Шаруашылық операциялар жасау. Тауарлық-материалдық
құндылықтарды белгіленген тәртіп бойынша істен шығару. Мемлекеттік сатып
алулар бойынша есеп дайындау. Мемлекеттік сатып алулар, автокөлік
құралдары бойынша басқарушылық актілерді рәсімдеу. Мемлекеттік сатып
алулар порталында жылдық жоспарларды орналастыру және оларға өзгерістер
енгізу. Бағыт бойынша бағдарламалармен жұмыс.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік аудит, экономика,
қаржы, есеп және аудит, 051801 2 - Бухгалтер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік
лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық
және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады