«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.04.2024 - 10.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.04.2024- 13.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
17.04.2024- 19.04.2024
Сұхбат: 24.04.2024- 26.04.2024
Анықтама телефоны: 87183121621
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің бас маман - кәмелетке толмағандардың ісі және олардың
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының, құқық
бұзушылықтарының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
жұмысты ұйымдастыру. Білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандармен
тәрбие жұмыстарын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. Кәмелетке
толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық
комиссияның отырысына сұрақтар және азаматтардың өтініштеріне жауаптар
дайындау. Әлеуметтік саланың консультативтік-кеңесші органдарының
отырыстарын хаттамалау. «ҚР Қарулы күштеріне шақыруды кейінге қалдыру»
мемлекеттік қызметін көрсету.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: психология, педагогика және
психология, құқық қорғау қызмет, құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару,
пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, жалпы дамудың пәндік
мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша
мұғалімдер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау,
тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, әлеуметік педагогика
және өзін-өзі тану мамандарын даярлау, юрист, арнайы педагогика
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік
лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық
және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
04 апреля 2024