2024 жылғы 31 наурызда өткен Железин аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Железин аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1104 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 451 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 15 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 4.

Бірмандаттық аумақтық №10 сайлау округі бойынша Железин аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Ермолаев Евгений Павлович үшін сайлаушылардың 11 дауыс берілді;

Камаров Серик Садбекович үшін сайлаушылардың 114 дауыс берілді;

Миронов Евгений Николаевич үшін сайлаушылардың 302 дауыс берілді;

Таукешов Данияр Егинбаевич үшін сайлаушылардың 5 дауыс берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 12;

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 1986 жылы туған, «Объединенная сырьевая компания» Железин ауданының коммеррциялық  директоры  Миронов  Евгений Николаевич № 10 сайлау округі бойынша Железин аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

 

Железин аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2024