Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 «Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы

«Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» №116/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған)   шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 - тараудың 3- тармағы жана редакцияда мазмұндалсын:

«Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматтыңың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі  «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» № 226 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20498 болып тіркелді) сәйкес уәкілетті органмен отбасының (Қазақстан Республикасы азаматтыңың) жиынтық табысы тұрғын үй қөмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі;

Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы

«Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» № 116/6 шешімінің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатыныстары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 Қаулысына, Железинка аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-

экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
27 августа 2020