Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» 2022 жылғы 12 қазандағы № 270/9 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің нөмірі № 172760) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ереженің мәтіні бойынша оса қаулының 11-қосымшасындағы «Железин ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» деген сөздер «Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің аппараты» деген сөздермен, «Озерный аулдық округі әкімінің қызметі» деген сөздер «Майлы ауылдық округі әкімінің қызметі» деген сөздермен, «Озерный ауылы» деген сөздер «Майлы ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауын;
осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шайхимов