Михайлов ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

2023 жылы Михайлов  ауылдық округі әкімінің аппараты тұлғасында  жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті:

  1. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» -1,0 оның ішінде дәлелді бас тарту -5.
  2. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  4. «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру»
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

 Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, сондай-ақ «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде «Openofis» ашылды. 2023 жылы өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 771 мемлекеттік қызмет алынды.

Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараты бар стенд орналастырылған. Аудандық газеттерде мақалалар жариялау арқылы, сондай-ақ «Инстаграм» әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша буклеттер таратылады. Мемлекеттік қызметтер бойынша баннер бар.

2023 жылдың ақпан айында Михайлов ауылдық округі әкімдігінде жергілікті атқарушы органдар,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімі  басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары қызықтырған мәселелер бойынша кеңес алып, «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдылары бойынша оқытудан өтті. Мемлекеттік қызметтер алынды, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша парақшалар таратылды.

 

 

2023 жылдың сәуір және қазан айларында «Родные просторы»  және «Туgan olke» газеттерінде мемлекеттік қызметтер туралы мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметшілер кестеге сәйкес біліктілігін арттырудан өтеді.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

Қорытынды
Дата публикации
23 февраля 2024