Жария талқылауды өткізу қорытындылары округтің "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлімнің бас маманы А.Ж. Әшімжанов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен жер қатынастары бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтер тізілімнен алынып тасталмайды, яғни "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ тұлғасында Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік қызметтердің 11 түрі.
2023 жылы халық арасында ең сұранысқа ие қызмет "жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметі болды, атап айтқанда 199 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жария талқылау қорытындысы бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынылды:
1. Жер қатынастары саласында көрсетілетін қызметті алушыларға уақтылы және сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.

Итоги
Дата публикации
23 февраля 2024