Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2023 жылы мемлекеттік қызметтердің 18 түрін көрсету бекітілді.

         2023 жылы 8891 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 8277 - і көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілді, бұл 93,1, 140 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді - 1,6% және 474 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді - 5,3 %.

         Есепті жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне тұрақты бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде үзілістер болған жоқ.

          Тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.

  2023 жылдың сәуір айында бөлімнің бір маманы «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және дебюрократизациялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарында үш күндік оқудан өтті. 

Бөлім қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізіледі:

- 2023 жылғы 17 наурызда бөлім басшысы «Open Zhelezinka» фронт-офис залында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады;

- 2023 жылғы 11 мамыр мен 7 қыркүйекте бөлім басшысы «Жер қатынастары, білім беру, әлеуметтік қорғау, экономиканың нақты секторы, ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері» тақырыбында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелеріне қатысты;

- тұрақты негізде ақпараттық брошюралар таратылады.

         Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпараты бар стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған, Интернет желісіне қолжетімділік бар.

Қорытынды
Дата публикации
23 февраля 2024