Железин ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, «Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығымен Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың әкімдерінің, жергілікті атқарушы орган Железин ауылдық округі әкімі аппараты атынан Мемлекеттік қызмет көрсетудің 6 түрін көрсетті.

      «Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) «Сауда - саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 20

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 8

3) «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» - 1

4) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1

5) бас тарту - 6.

      «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесі арқылы 45 өтініш келіп түсті.

      «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп - бөліп сату» мемлекеттік қызметі - 1 қағаз нұсқада көрсетілген. «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі - 1 қағаз нұсқада көрсетілген.

      «Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында 2023 жылғы 11 мамыр мен 7 қыркүйекте «Жер қатынастары, білім беру, әлеуметтік қорғау, экономиканың нақты секторы, ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері» тақырыбында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеге жергілікті атқарушы органдардың, жер қатынастары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің, мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары қатысты. Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша брошюралар таратылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түрлі сұрақтармен 10 адам жүгінді, барлығына түсініктемелер берілді.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында аудандық «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінде, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желілерінде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету және алу тақырыбында материалды тарату бойынша акция өткізілді. Тақырыптары бар баннер орнатылды. Фойеде орам орнатылған.

2023 жылдың 12 айында халыққа 757 дана көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша ақпараты бар брошюралар тарату бойынша акция өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.  Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының журналы жүргізілуде. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 38 қызмет көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. «Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де шақыру түймесі, пандус, арнайы көтергіш бар.

Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама жасалады.

Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Қорытынды
Дата публикации
23 февраля 2024