Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ қызмет көрсетушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Башмачин ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылы 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті:
1 «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу» - 11, оның ішінде дәлелді бас тарту -
5.«Жер учаскесін алуға кезекке қою»,
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 202 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараты бар стенд орналасқан.
Халықпен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақаланы бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ «Истаграмм» әлеуметтік желісінде жариялау жолымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, буклеттер таратылады. Мемлекеттік қызметтер бойынша баннер бар. Кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудан өтеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.