«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған, жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ қызмет көрсетушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
2023 жылы мемлекеттік қызметке барлығы 4 адам жүгінді, оның ішінде:
1) «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» (конкурстар, аукциондар) "- бас тартудың 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 5-2-тармағына сәйкес ғибадат үйін салу үшін жер учаскесін беруге байланысты) (ғимараттарды) салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі).
2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1.
3) «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату» - 0.
4) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0.
5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы халықты хабардар ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде компьютермен, принтермен, микрофоны бар камерамен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.