«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Железин ауданының ақпараттық орталығы» ЖШС кандидаттар үшін материалдарды қабылдау шарттары, редакцияның ақпараттық қызметтеріне ақы төлеу нысандары мен мөлшері туралы ақпаратты жариялайды.
Президенттікке кандидаттардың өмірбаяндық деректерін, сайлау алдындағы бағдарламасының ережелерін және фотосуреттерін орналастыру үшін газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 500 (бес жүз) теңгені құрайды; Сенат, Мәжіліс, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін – 350 (үш жүз елу) теңге мөлшерінде; аудан әкімдеріне кандидаттар үшін - 400 (төрт жүз) теңге мөлшерінде; ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар – 350 (үш жүз елу) теңге; сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастыру үшін - 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде; үгіт материалдарын Instagram парақшасында орналастыру (gazeta_zhelezinka) - 1 жарияланым үшін 10 000 теңге. Қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз төлем нысаны - 100% алдын ала төлем.
Материалдарды ұсыну шарттары мен орналастыру тәртібі: өмірбаяндық деректерді, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелерін және графикалық бейнелерді қамтитын материалдарды ақпараттық қызметтер көрсетуге және ақы төлеуге шарт жасасқаннан кейін редакция сәрсенбіден кешіктірмей газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне жариялауға қабылдайды.
Ұсыну тәсілдері - кандидаттың не сенім білдірілген адамның қолы қойылған қағаз тасығышта және электрондық түрде (флэш-тасығыш немесе электрондық пошта). Кандидаттардың сөз сөйлеуінің кезектілігі, егер өтініштер редакцияға бір мезгілде келіп түскен болса, олар газеттің көрсетілген нөміріндегі материалдардың түсу тәртібімен не жеребе бойынша белгіленеді.
Кандидаттардың сайлауалды материалдары бірінші және соңғы беттерден басқа кез келген бетте жарияланады.
Сайлауалды ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселелері бойынша Павлодар облысы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласу қажет. E-mail: rp-press@mail.ru, телефон (факс): 8(71831) 2-20-33.