2024 жылғы 11 ақпанда Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің Лесной округі бойынша сайлауы өтті. Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының, Павлодар облысы Железин ауданы Лесный ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі.
Лесной сайлау округі Лесной ауылдық округі
әкімінің сайлауы бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 422 азамат енгізілді, олардың 293-і дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны — 4, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 11.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кабиев Е. У. - 14, Кишкунова Т. А.-256, Миллер В. А.-8.
Лесное селолық округінің әкімі болып 1969 жылы туған, Татьяна Анатольевна Кишкунова сайланды. "Железин ауданы Лесное селолық округі әкімі аппаратының" ММ бас маманы, Павлодар облысы Железин ауданының Лесное селосында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 ақпанда Павлодар облысы Железин ауданы Лесное ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы хаттамасының негізінде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Павлодар облысы Железин ауданы Лесное ауылдық округінің әкімі болып 2024 жылғы 14 ақпанда тіркелген Татьяна Анатольевна Кишкунова 1969 жылы туған, ұлты - орыс, "AMANAT" партиясының мүшесі, "Лесное селолық округі әкімі аппаратының" ММ бас маманы, Павлодар облысы Железин ауданының Лесное ауылында тұрады.
Железин аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы