Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға облыс мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы (2024 жылғы 31 наурыздағы сайлау)

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2024 жылғы 29 ақпаннан кешіктірмей Павлодар облыстық мәслихатының №8, №14, Павлодар қалалық мәслихатының №2, №22, Екібастұз қалалық мәслихатының №1, Баянауыл аудандық мәслихатының    № 10, Железин аудандық мәслихатының №10, Ертіс аудандық мәслихатының №2,  Павлодар аудандық мәслихатының №3, Успен аудандық мәслихатының №4, Шарбақты аудандық мәслихатының №1 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта:  tic_pav_obl@saylau.kz, мекенжайы: Павлодар қаласы, Сәтбаев көшесі, 49, 121 каб) және сәйкес аумақтық сайлау комиссияларына  ұсынуға тиіс.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Павлодар облыстық сайлау комиссиясына және  жоғарыда көрсетілген аудандық аумақтық сайлау комиссияларына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 февраля 2024