Железин аудандық мәслихатының № 10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының  4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Павлодар облысының Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Железин аудандық мәслихатының № 10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Железин аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Туған өлке», «Родные просторы» газеттерінде орналастырылсын.

 

         Комиссия төрағасы                                 Қ. Кималиденов

         Комиссия хатшысы                                 Х. Кабиев

Дата публикации
31 января 2024