Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Железин аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.

 

Сайлау округі туралы мәлімет

Сайлау округінің нөмері

Ауданның атауы

Округінің орталығы (елді мекеннің атауы)

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері объектісінің атауы, округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны

№10

Железин ауданы

Железинка ауылы

«Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы КММ, Сатпаев көшесі, 9

тел.: 40 205

 

Железин аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 января 2024