2023 жылғы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет жөнәндегі есеп

Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну " мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

         Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі – сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы-Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал).

Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті алушыны көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасасу қажеттілігі туралы, есепке қою және кезекке қою немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабардар ету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Железин ауданы әкімдігі ғимаратының залында "Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат" стендінде орналастырылған.

Жергілікті БАҚ-та Дипломмен ауылға "Отбасы банк жобаны цифрлық форматқа ауыстырды "мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша мақала жарияланды!"(28.04.2023 ж." Туған өлке"," Туған өлке " газеттеріндегі Жарияланымдар).

Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде ("Zhelezinkalife" сілтемесі, 2023 жылғы 10 ақпанда және 2023 жылғы 11 сәуірде) "Дипломмен - ауылға!».

Железин ауданы әкімдігінің сайтында "құжаттар" бөлімінде 2023 жылғы қаңтарда 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп орналастырылды, сондай-ақ 2023 жылғы мамырда "Дипломмен ауылға!».

         Жыл сайын Железин ауданы әкімдігінің сайтында Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері саласында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі орналастырылады, олар бойынша ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Жыл сайын бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық кеңесте көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған келген мамандармен жасалған келісімдердің талаптарын орындау мәселесі тыңдалады.

2023 жылғы 06 қыркүйекте  "Open Zhelezinka" фронт-офис залында Ашық әкімдік базасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша азаматтарды қабылдау өтті.

2023 жылғы 09 қыркұйекте  мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері айқындалды:

100 АЕК-ке тең сомадағы көтерме жәрдемақы (2023 жылы - 345 000 теңге);

1500 АЕК-тен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит (2023 жылы - 5 175 000 теңге).

2023 жылы 54 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:.

- көтерме жәрдемақы алуға 36 маман жүгінді. Көтерме жәрдемақыны 36 маман алды, оның ішінде: 23 - білім беру, 9 - денсаулық сақтау, 2 - ветеринария, 2 - спорт, жалпы сомасы 12420,0 мың теңге.

         Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін 18 маман жүгінді, бюджеттік кредит  - 13 маман алды, оның ішінде 8 - білім беру, 3 - денсаулық сақтау, 1 - спорт, 1-ветеринария-жалпы сомасы 66305,0 мың теңге. Үш маман дәлелді бас тартты, екі маман несиеден өздері бас тартты.

         Мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік қызметті көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзбай көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ай сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп ұсынылады.

Жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін материалдар сұратылмады.

 

Железин ауданының

экономика және бюджеттік

 жоспарлау бөлімінің басшысы                                                          Д. Агыбаев

Дата публикации
25 января 2024