Жеке тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай Железин ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына орай - 2024 жылғы 15 ақпанда уәкілетті ұйымның тізімі негізінде алушылардан өтініштерді талап етпей, мынадай санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету:

Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

         Соғыс қимылдары кезінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

         Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы)аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

         Ауғанстандағы Кеңес Әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не бұрынғы КСР Одағының бо қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
22 января 2024