Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округінің құрылғаны туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес Железин ауданының Лесной ауылдық округі шекараларында Лесной ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылды.

Железинка аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері -Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 8, каб. № 103, М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты.

 

Железин аудандық аумақтық

 сайлау комиссиясы.

Дата публикации
16 января 2024