«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14, 113-1-баптарына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалды.
2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалған Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған.
Железин аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы.