Сіздердің назарларыңызға Железин ауданының 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджетін ұсынамыз, онда аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:
- бюджеттік процестің заңнамалық негіздері;
- бюджеттік процестің диаграммасы;
- аудандық бюджетті жоспарлау.
Железин ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Салық кодексіне, Железин ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жасалды.