Железин аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Железин ауданының ауылдык округтерінің бюджеті туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

Шешім жобасы Казақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2024 жылға арналған бюджеттің көлемі 1282,8 млн. теңгені, 2025 жылға – 605,9 млн.теңгені, 2026 жылға – 628,2 млн.теңгені құрайды.

2024 жылға кіріс көлемі 124,8 млн. теңге сомасында көзделген, 2025 жылға түсімдер көлемі 130,5 млн.теңге, 2026 жылға – 135,4 млн. теңге болжануда.

         Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

         «2024-2026 жылдарға арналған Железин ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімнің жобасы 2023 жылдың 15желтоқсаннан 21 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" порталында орналасқан.

Дата публикации
21 декабря 2023