Железин аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

Шешім жобасы Казақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, сәйкес әзірленді.

2024 жылға арналған бюджеттің көлемі 4735,5 млн. теңгені, 2025 жылға – 2477,0 млн.теңгені, 2026 жылға – 2574,1 млн.теңгені құрайды.

Ауданның 2024 жылға кіріс көлемі 1772,8 млн. теңге сомасында көзделген, 2025 жылға түсімдер көлемі 1867,7 млн.теңге, 2026 жылға – 1940,4 млн. теңге болжануда.

         Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешім жобасы 2023 жылғы 14 желтоқсаннан бастап 20 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Дата публикации
19 декабря 2023