Озерный ауылдық округінжәне ауылының атауларын Майлы ауылдық округі және Майлы ауылы деп қайта атау туралы

      Қазақстан Республикасынның «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14–бабы  2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Озерный ауылдық округінің Озерный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде, Озерный ауылдық округі  әкімі ШЕШТІ:

  1. Озерный ауылдық округін және Озерный ауылының атауларын Майлы ауылдық округі және Майлы ауылы деп өзгертілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

       Озерный ауылдық

          округінің әкімі                                                                         А. Садбеков

Дата публикации
15 декабря 2023