Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алакөл ауылдық округі Алакөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылындағы «Лесная» көшесін «Қабиден Бекетаев» көшесіне, «Северная» көшесін «Достық» көшесіне, «Комсомольская» көшесін «Жасұлан» көшесіне қайта атау болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2023 жылғы 15.12. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14854916