«Башмачин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Железин ауданы Башмачин ауылдық округі Башмачное ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы  2-тармағына сәйкес, Башмачин ауылдық округі Башмачное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының      2023  жылғы 23 қарашадағы отырысының  хаттамасы негізінде.

Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Башмачин  ауылдық округінің Башмачное ауылындағы «Целинная» көшесін «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2023 жылғы  15.12. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА»  бөлімінде орналастырылған 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14854904

Дата публикации
15 декабря 2023